Қастерлі күн, қасиетті ұғым

Еліміз үшін ең қастерлі де қасиетті ұғым – тәуелсіздікті сүйіншілеген тарихи маңызды құжат – 1990 жылы Егемендік туралы декларация қабылданған 25 қазан айтулы дата ретінде күнтізбеге орнықты. Мемлекет басшысының ұсынысымен бұл күн былтырдан бері ұлттық мереке болып аталып өтуде.
Қастерлі күн, қасиетті ұғым

Өткенімізді білмей, одан сабақ алмай, бүгінімізді бедерлей, ертеңімізді бағдарлай алмаймыз. Сондықтан, мемлекет құру, егемен ел атану жолындағы әр қадам халық жадында сақталса, лайық бағасын алса игі. Біз егемен Қазақстанның азаматы болғанымызды, туған мемлекетіміздің мүддесі үшін, өсіп-өркендеуі үшін маңдай терімізді төгіп, адал еңбек етіп жүргенімізді мақтан тұтамыз, өскелең ұрпақтың елшіл, еңбекқор, саналы азамат болып өсуіне күш саламыз. Заманымыз әрдайым тыныш, бірлігіміз бекем, тірлігіміз берекелі болсын!
Ертай Дүйсебаев, Текелі қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.