Төл мерекедегі ілтипат

Спорт күніне орай Текелі қаласындағы спортшылар қауымына құрмет көрсетілді. Ардагер спортшылар мен дүбірлі додаларда топ жарып жүрген үздіктер марапатталып, сый-сияпатқа ие болды.
Төл мерекедегі ілтипат

«Металлург» клубында өткен салтанатты іс-шараға жиналған спортшылар қауымын Текелі қалалық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Нұржамал Шоханова құттықтап, жылы лебізін жеткізді. Спорттың сан саласында озық нәтижеге жеткен спортшылар мен жаттықтырушыларға қала әкімінің және облыстық бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығы директорының Алғыс хаттарын табыстады. Марапатқа ие болған Ольга Седова, Сержан Телтаев, Бауыржан Құттымбетов, Ерлан Байтөринов, Рафаэль Райманов, Жансерік Көбей, Айгерім Аулбек, Жәния Жарылқасын, Диас Берікбай, Зейнеп Асхат, Галина Крючковаға көпшілік қол соғып, қошемет көрсетті. Өз кезегінде спортшылар да салауатты өмір салтын қалыптастыруға, байрақты бәсекелерге қатысуға қолдау танытып, мүмкіндік ашып отырған қала басшылығы мен Спорт мектебінің ұжымына алғыстарын білдірді.

Спорт ардагерлері Серік Маклушов, Есімхан Чнетов, Фуат Калимуллин, Кавира Нұржанова, Людмила Мазуренко, Ирина Тыщенко, Ләззат Сәлімжанова, Иван Тах қала әкімінің құттықтауы мен сый-сияпатына ие болды.

Ал спорт күніне арналған облыстық іс-шараға қатысқан Қазақстан спортының құрметті қызметкері Бүркітбай Файзолла, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Тұрарбек Омаров, жеңіл атлетикадан еңбек сіңірген жаттықтырушы Виктор Орлов Жетісу облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының Алғыс хатымен марапатталды. Спорт әлемінің саңлақтарына өнерпаздар ән мен күй, әсем бимен өрілген әсерлі концерт сыйлады.

Торғын ТҰРЛЫБАЕВА

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.