ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

Ағымдағы жылдың 21 маусымында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жетісу облысы бойынша Департаменті превенция басқармасының аға офицері Бауыржан Даулетқалиұлы Бегімбек Жетісу облысы әділет Департаментінің қызметкерлерімен профилактикалық кездесу өткізді.
ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

Кездесу аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы новеллалар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар түсіндірілді.

Іс-шара барысында спикер қатысушыларды 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асырудың негізгі мақсаттарымен, міндеттерімен және кезеңдерімен таныстырды.

Стратегиялық құжаттың маңыздылығымен таныстыра отырып, тұжырымдама қоғам өмірінің барлық салаларына қатысты екендігі атап өтілді.

Антикор өкілі тыңдаушылардың назарын қоғамның "тұрмыстық" сыбайлас жемқорлық, бюджеттік процестер мен сатып алулардың ашықтығы, экономикаға мемлекеттік қатысудың жоғары деңгейі, әкімшілік кедергілер, дискрециялық нормалар, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін түсінікті түсіндірудің болмауы, соттар мен құқық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және т. б. сияқты ағымдағы проблемаларына аударды.

Кездесу соңында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы бейнероликтер көрсетілді, сондай-ақ Агенттіктің 1424 колл-орталығының жұмысы түсіндірілді, оның негізгі міндеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша азаматтарға тегін консультациялық қолдау көрсету және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы телефон хабарламаларын қабылдау болып табылады.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.