Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 6933 кәсіпкердің құқығын қорғады

«Бизнеске жол» жобасы аясында Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жаңа талаптарға сәйкес кәсіпкерлермен электрмен жабдықтау шарттарын қайта жасамау фактілерін анықтады.
Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 6933 кәсіпкердің құқығын қорғады

Атап айтқанда, 2020 жылы Энергетика министрінің бұйрығына түзетулер енгізілді, онда үлгілік шарттан электр энергиясы үшін төленбеген жағдайда өсімпұл салу туралы талап алынып тасталды, сондай-ақ оны беруді тоқтату бойынша тұтынушыны хабардар ету мерзімі 3 күннен 5 күнге дейін ұлғайтылды.

Бизнес субъектілерінің жағдайын жақсартатын жаңа түзетулерге сәйкес шарттарды келтіру жөнінде шаралар қолданбау сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туғызды.

Департаментпен «Жетісу Энерготрейд» ЖШС-мен бірлесіп бұл мәселе реттелді, бүгінгі таңда 6933 кәсіпкермен жасалған шарттар жаңа талаптарға сәйкес қайта жасалды.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.