Бизнестің бастауында

«Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы Текелі қалалық филиалының менеджер-кеңесшісі Айгерім Әшімова өткен жылдың қорытындысы бойынша «Жылдың үздік кеңесшісі» номинациясында жеңімпаз атанды.
Бизнестің бастауында

А.Әшімова кәсіби шеберлігі, іс-керлігі арқылы өңірлік кәсіпкерліктің дамуына, бизнес қоғамдастық мәселелерінің оң шешілуіне ықпал етіп жүрген еңбегі үшін «Атамекен» ҰКП Жетісу облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Д.Оңалбаевтың Алғыс хатымен марапатталды. Ол: «Біздің басты міндетіміз – шағын және орта бизнестің дамуына оң ықпал ету, билік пен бизнес арасында алтын көпір болып, туындаған мәселелердің тиімді шешілуіне мұрындық болу. Өткен жылы филиалдан 526 адам кеңес алды.
Жаңадан кәсіп бастауға ниетті жандарға бизнес-жоспар жасауға көмектесеміз. Былтыр «Бастау-бизнес» бағдарламасы бойынша оқуға 99 өтініш қабылданып, 69 адам курсты толық оқып шықты. Кәсіпкерлікті бастау үшін 49 адам грантқа өтініш беріп, оның 21-і грант алды. Ал 31 адам жылқы, ірі қара, ұсақ мал, құс өсіру, құрал-жабдық алу, фотосалон ашу және тағы басқа кәсіп жүргізу үшін микронесиеге қол жеткізді»,– деді.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.