Құрметті текеліліктер!

Құрметті текеліліктер!

Сіздерді ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы аңсары, халқымыздың арманының асқары, бақытының бастауы болған ұлық мерекеміз – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құтықтаймын!

Мемлекетіміздің тәуелсіздігі – ең алдымен халқымыздың бақыты. Бұл күн – ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған ұлы күн. Егемендіктің еңсе тіктеген жылдарында еліміз даму бағытын айқындап, қарышты қадамдар жасады, толайым табыстарға жетті.

Қымбатты қала тұрғындары!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Еліміздің тұрақты дамуы мен өркендеуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын.

Баршаңызға осы тамаша мерекеде зор денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық, береке-бірлік тілеймін!

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын, ағайын!

Текелі қаласының әкімі                                                 А.ӘДІЛ

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.