Жасампаз елдіктің жолы

1991 жылғы 1 желтоқсанда Республика Президентінің алғашқы бүкілхалықтық сайлауы өтіп, Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың толық қолдауына ие болды.
Жасампаз елдіктің жолы

1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Республиканың мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болды.

Осы сәттен бастап Қазақстан тарихындағы жаңа кезең – Тәуелсіздік дәуірі басталды.

Тәуелсіздік алғанға дейін Қазақ КСР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Жарлығымен Семей облысындағы әлемдегі ең ірі ядролық қаруды сынау полигонын жапты. Кейінірек, егеменді мемлекет ретінде Қазақстан әлемдегі қуаты жағынан төртінші орында тұрған ядролық арсеналдан бас тартты. Бұл қадамдар әлемдік қоғамдастық, оның ішінде жетекші державалар тарапынан сенімнің нығаюына қызмет етіп, елімізге тілектестік, сындарлы қарым-қатынасты қамтамасыз етті.

Қазақстан өз жұмысын Тұңғыш Президенттің шешімдерімен үйлестірген «Невада-Семей» қоғамдық қозғалысынан бастап әлемдік антиядролық процесте көшбасшы болып танылды. Қазақстанның бастамаларының арқасында БҰҰ Бас Ассамблеясының Ядролық қарудан азат әлем құрудың Жалпыға Ортақ Деклара-циясының қабылдануына қажетті мүмкіндіктер әзірленді.

Еліміздің халықаралық аренадағы жетістіктері, оның ішінде Еуразиялық экономикалық интеграция саласындағы бастамалары, өңірлік экономикалық және саяси көшбасшылық – Қазақстанның үлкен жетістігі болып табылады. Бүгінде Қазақстан жетекші халықаралық ұйым-дардың – БҰҰ, ЕҚЫҰ, ИЫҰ, ШЫҰ, ТМД, ЕурАзЭҚ, КО, БЭК, ҰҚШҰ, ЭЫДҰ және басқа да мемлекетаралық бірлестіктердің мүшесі болып табылады.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әлемнің 180 мемлекетімен дипломатия-лық қарым-қатынас орнатты, ЕҚЫҰ, ИЫҰ, ЕАЭО, ШЫҰ, ТМД, ҰҚШҰ, АӨСШК және Түркі Кеңесі сияқты беделді халықаралық ұйымдарға төрағалық етті.

Қазақстан алғашқы 30 спорт державаларының қатарына енді. Елімізде белсенді өмір салтын жүргізу және бұқаралық спортпен айналысу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Мемлекет спорттық қозғалысқа қолдау көрсетеді, соның арқасында қазақстандық спортшылар ірі халықаралық жарыстарда тамаша жеңістерге қол жеткізді.

Алғаш рет, 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы бірегей идеясын жариялады. Көп ұзамай, 1995 жылы 1 наурызда Елбасы Жарлығымен ҚХА құрылды. Жаңа іргесі қаланып жатқан, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан құрылған Ассамблея өміршеңдігін әйгілеп, бірегей институтқа айналды.

Елбасының ерен еңбегінің бір биігі – жаңа мемлекеттің жаңа Астанасын  құруы. Бүгінде Арқа төсінде алаулаған Елорда Елбасының, сонымен бірге, жас Қазақ Елінің ерлік, отансүйгіштік рухының, жасампаздық жігерінің салтанатты символына айналды.  

Қазақстанда Республика астанасын Н.Назарбаевтың құрметіне қайта атау туралы бірнеше рет ұсыныс жасалып,  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2019 жылы 23 наурызда Астана атауының Нұр-Сұлтан деп қайта аталуы Елбасының ерен еңбегіне лайық елдік құрметке айналды.

 Елбасы – көптеген марапаттар мен құрметті атақтардың иегері.

2010 жылғы 12 мамырда мәжіліс – Қазақстан Парламентінің төменгі палатас-ының депутаттары Н.Назарбаевқа Ұлт көшбасшысы мәртебесін беретін заң жобалары пакетіне түзетулерді бірауыздан қабылдады. Елбасы – өзінің мәртебесі бойынша Қазақстан Республикасының жоғары дәрежелі ерекше белгісі «Халық қаһарманы» Алтын жұлдызы мен «Отан» орденінің  иегері. 

Елбасының есімі Қазақстан, Иордания, Түркия, Ингушетия және Шешен Республикасындағы саябақтар, көшелер, оқу орындарына берілді.

2019 жылы наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді. Елбасы республиканы 30 жылға жуық басқарды. Бұл – ТМД елдері басшыларының арасындағы ең ұзақ мерзім.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан тарихында ауқымды рөл атқарды. Проблемалар мен сын-қатерлерді табысты еңсеріп, көрегенділігімен, сарабдал саясатымен, биік беделімен ел басқарудың барлық құндылықтарымен жас Қазақстанды  әлемге әйгіледі. Дер кезінде дұрыс шешімдер қабылдап, елді дағдарыстан дамудың жаңа деңгейіне шығара алды.

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.