Тәуелсіздік – тұғырым!

Тәуелсіздік – тұғырым!

Тәуелсізбін, арманым бұл аңсаған,

Еңселі елді көріп бүгін тамсанам.

Сарыарқаны гүлдендіріп өң берген

Астанадай бой түзеді бас қалам.

 

Тәуелсізбін, білсін бізді бүгінде,

Құқығым бар қуануға, күлуге.

Қол жеткіздік арқасында бірліктің

Басқалармен қатарласып жүруге.

 

Тәуелсізбін қыран құстай көктегі,

Күн нұрының елге жылу төккені.

Елу елдің қатарына қосылсақ

Қазағымның биіктерге жеткені.

 

Тәуелсізбін жақсылықта жарысқан,

Ағайынға құшақ жайған алыстан.

Өзге ұлтты бауырындай көретін

Қазақ мықты тегін тартқан барыстан.

 

Тәуелсізбін тарихымды түзеген,

Мүйіздерін қаққан жаудың сүзеген.

Қазақ үшін қатар тұрып қорғаймыз

Көк туымды сүйем тұрып тіземен.

 

Тәуелсізбін бекем еткен тұғырын,

Жайылсыншы жаһан жерге жыр, үнің.

Бірлігіміз үлгі болып өзгеге

Ұзақ болсын, Қазақ елім, ғұмырың!

Тілек БАЙҚАДАМОВ

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.