Қадірлі Сайын аға!
Сөзін жазған: Өтепберген Ақыпбеков
Әнін жазған: Мэлс Керейбаев
Ешкіөлместен о баста алған нәрін,
Мұқалмайды төзімің, арман, арың.
Үш құрлықтың еліне кетті тарап,
«Үшқараның» басынан салған әнің.
Қайырмасы:
Сайын аға,
Сайын дала!
Жетісудың түлегі.
Сайын аға, Сайын аға,
Ауылым деп соғады жан-жүрегің!
«Жабайы алма», «Көкорай» – түкті кілем,
«Жусан иісі» жұпарын жұтты білем.
Сенің сыршыл сезімің, асқақ ойың,
«Дос іздеп жүр» әлемнің түкпірінен.
Қайырмасы:
«Менің қарындасым» деп бақ тілеген,
Бір аймақтан қарындас таптың өрен.
Хан сарайға айналды «Отау үйің»,
Шарықтаған төрінен шаттық ерен.
Қайырмасы:
Қаламыңнан сыр-соқпақ салдың жаңа,
Қадіріңмен халқыңнан алдың баға.
«Ескек желі» өмірдің соқпасын деп,
Біз тілейміз, жан аға, қадірлі аға!
