Анашым

Анашым

Сен кеткен күн – бір қабырғам құлады,

Қиын тиді тағдырымның сынағы.

Күліп жүрген сәттерімнің артында

Сені аңсаған бала көңіл тұр әлі.

 

Сағыныштың моншақ қылып тізбегін,

Таныс дауыс естіп оны сіз дедім.

Қолыңды ұстап,  еркеледім түсімде,

Оянғанда тағы өзіңді іздедім.

 

Анашым, сен, өмір мәнім, тұмарым,

Жылу берер жарық нұрым, шырағым.

Қайда жүрсем жанымдасың, сеземін,

Ана, сенің мәңгі жұмақ  тұрағың.

Айтұмар Ақанқызы, 6-сынып оқушысы

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.