Ардагерлер ардақты

Ардагерлер ардақты

сөзі мен әні: Мэлс Керейбаев

Майдангерлер, ардагерлер ардақты,

Ерліктерің үлгі өнеге жан тербер.

Басын иіп құрметтейді ұрпағың,

Нық басып келеді алда майдангерлер!

 

Қайырмасы:

Қан майданда кешегі,

Жібермеген есені.

Сайыпқыран солдаттар,

Ардақтайды ел сені!

 

Ардагерлер, соғыс зарын шеккендер,

Майданға деп маңдай терін төккендер.

Күндіз күлкі, түнде ұйқы көрместен,

Отаным деп тылда еңбек еткендер.

 

Қайырмасы:

Майдангерім, батырларым ержүрек,

Қуанышта елім Жеңіс келді деп.

Бейбіт өмір, көкшіл күмбез аспанда,

Жеңіс туы тұрсын мәнгі желбіреп!

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.