Анашым

Анашым

Әлдилеп ән-жырымен мені өсірген,

Шайқасып барса-келмес кемесімен.

Толқынын машақаттың жарып өтіп,

Ажалдың оғын тосқан денесімен.

 

Өмірдің сан мың кешіп өткелдерін,

Ұрпақ деп риясыз төккен терін.

Жай таппай, жаз жазылып, қыс қысылып,

Кім білсін қанша күнді өткергенін.

 

Күн сүйген сен де сүйіп маңдайымнан,

Әр күні алдың хабар хал-жайымнан.

Кешегі шырын дәмі ақ сүтіңнің,

Кеткен жоқ әлі күнге таңдайымнан.

Қуантай Сатыбалдыұлы

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.