Наурыз әні

Наурыз әні

Сөзі мен әнін жазған: Мэлс КЕРЕЙБАЕВ

Құлпырып көктемнің ажары,

Айдан көл, аққу, қаз базары.

Жыл басы – Наурызым келеді,

Қайнайды мереке қазаны.

Оралды жаңарып салтымыз,

Еңсесін көтерді халқымыз.

Қарсы алып Ұлыстың думанын,

Қауышып жатырмыз бәріміз.

 

Қайырмасы:

Ақ отау, міне, келіңіз,

Жаюлы сіздерге төріміз.

Дәм татып Наурыз көжеден,

Ақ бата жұртқа беріңіз!

 

Нұрланып әрқашан көгіміз,

Шалқысын ән-жырмен көңіліміз.

Думанды әз Наурыз тойында,

Бақытқа кенелсін еліміз.

Ақжарқын жүзіміз көктемде,

Күліп күн шуағын төккенде,

Ұлыстың тамаша тойында

Гүлденіп жайнайды өлкем де.

 

Қайырмасы:

Ақ отау, міне, келіңіз,

Жаюлы сіздерге төріміз.

Дәм татып Наурыз көжеден,

Ақ бата жұртқа беріңіз!

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.