Жаңа жыл
Айлар өтті, күндер судай ағыла,
Біз қараймыз өткен шаққа сағына.
Өлең құмар жас жүрекке нұр төгіп,
Кел, жаңа жыл, ән-жырымды қабылда.
Жаңа жылың құтты болсын, аталар,
Аталардың батасымен оңалар.
Қадірлейтін қаз мінезді қазақпыз,
Абыздар мен шешен тілді даналар.
Жаңа жылың құтты болсын, бауырлар,
Сендерсіңдер жүктерің ең ауырлар.
Ел мен жерге теріңді төк қадірле,
Бір-біріңе жанашыр бол бауырмал.
Армандарға жету үшін айдағы,
Жаңа жылдың бұзылмасын қаймағы.
Құлпыра бер, тасып бірлік, берекең,
Қазағымның ұлан-ғайыр аймағы!
Ақиқат Шәкенұлы
