Ғасыр-ана
Қадіріңе жете алмай жер бетінде,
Босқа қарап жүріппіз келбетіңе.
Арамыздан алыстап сіз кеткенде
Айналып қала бердік өлмесірге.
Аттанып ғасыр кетті келмесіне.
Бойың толған ғасырлық тарих па?
Соны ойласам жетпейді ар-ұят та.
Біздің заман жасанды даңғаза да,
Сіздің заман ақиқат тазалықта.
Ұлың едік, ау, ана, біз кешегі,
Жыл аунап, ай жылжып, із көшеді.
Маңқадай салбыраған сіргедегі
Суға кеткен салынды ұл келеді.
Бақытты айырмаған іргедегі,
Таусаған таңдайымда шөл келеді.
Жүргенде диірменде ағамменен,
Жұмыс жүрді жап-жақсы шамаменен.
Алладан көп жеңілдік сұрап тұрған
Қалай көп кеңеспедім анамменен.
Анам кетті, өзгерді санамыз да,
Жан-жаққа алыстады арамыз да.
Ғасырлық ақиқат ең жалғыз ғана,
Айналып барасың-ау аңыздарға.
Нұрболат ШЕБІКҰЛЫ
