Бизнесті қорғау

«Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» заңына сәйкес Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары қызметінің негізгі бағыттарының бірі кәсіпкерлердің құқықтарын мемлекеттік органдар, олардың қызметіне заңсыз араласуынан қорғау болып табылады.
Бизнесті қорғау

Ағымдағы жылдың 8 айының есептік деректері бойынша Басқармамен 5305 тексеру тағайындау актісі тіркелген.

Жеке кәсіпкерлік субьектілерін тексеру үлесі 20,7 пайызды немесе 1098 тексеруді құрады. Оның ішінде 197 тексеріс арнайы тәртіппен, 880 жоспардан тыс тексеру жүргізілген.

Соңғы үш жылда мемлекеттік қолдау шараларын шағын және микро бизнесті тексеруге мараторий ескере отырып, жоспарлы тексерулер санын қысқарту үрдісі байқалды.

Атап айтқанда, 2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылы тексерулер саны бірден 70%-ға, өткен 2021 жылы тағы 0,3%-ға қысқарды.

Тексерулерді тағайындау туралы актілерді тіркеу тексерулерді тіркеуді есепке алу үшін құрылған «тексерулер субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі (ТСОБТ)» жүйесінде электрондық форматта жүзеге асырылады, сондай-ақ мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың ашықтығын қамтамасыз етеді.

Басқарма тіркеу кезеңінде 39 тексеру жүргізудің, оның ішінде бизнес субъектілеріне қатысты 16 тексерудің жолын кесті, осылайша кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды.

Прокурорлық қадағалау шараларымен 21 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, бақылау және қадағалау органдары тарапынан тексерістерді негізсіз жүргізу фактілерінің жолын кесу үшін ақпараттық сервиспен қатар кәсіпкерлерге арналған «Qamqor» мобильді қосымшасы жұмыс істеуін жалғастыруда.

Тіркелген пайдаланушыларға мобильді қосымша арқылы алдағы тексеру туралы хабарлама жіберіледі.

Сонымен қатар, тексеру туралы толық ақпаратты www.qamqor.gov.kz,  Комитет порталы арқылы тиісті жолға тексеру актісінің тіркеу нөмірін толтырып, алуға болады.

Мемлекеттік мекемелер заңсыз тексерулер жүргізу бойынша кәсіпкерлердің құқықтарын бұзған жағдайда Басқармаға 87282 24 11 38 телефоны арқылы хабарласуға болады.

ҚР БП ҚСжАЕК Жетісу облысы бойынша басқармасы

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.