Департаментпен Нұсқама шығарылды
Шағымды қарау кезінде Департамент, Алматы облысының медициналық ұйымдары перинаталды скринингтік қызметтерді өзбетінше ұсынбайтынын және мемлекеттік және жеке зертханалармен бірлесіп жұмыс жасау туралы келісім жасайтындығын анықтады, бірақ Алматы облысының медициналық ұйымдарының көпшілігі перинаталдық скринингтік қызметтерді ұсыну бойынша бірлесіп жұмыс істеу туралы облыстың мемлекеттік клиникаларымен келісімдер жасасуды жөн көрген.
Осылайша, медициналық ұйымдармен перинаталдық скринингтен өтуі үшін науқастар негізінен мемлекеттік медициналық ұйымдарға жіберілген.
Бұл іс-әрекетте Департамент мемлекеттік және жеке медициналық ұйымдар арасындағы бәсекелестікті шектеу және осы өнім нарығына қол жеткізу үшін қосымша тосқауыл қою белгілерін көрді.
ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 194 бабына сәйкес, Конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың әрекеттерінен (әрекетсіздігінен), актiлер не шешiмдер қабылдаудан көрiнетiн бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға алып келген немесе алып келуі мүмкiн бәсекелестiкке қарсы әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тыйым салынады және олар толығымен немесе iшiнара жарамсыз деп танылады.
Осыған байланысты Департамент «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-не (бұдан әрі - Басқарма) мемлекеттік мекемесіне уәкілетті орган ретінде Алматы облысының медициналық ұйымдарымен бірлесіп жұмыс істеу туралы келісімдер жасасуға қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізу жолымен жіберілген бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау туралы сондай-ақ, бұдан әрі денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне меншіктің түріне қарамастан осы зерттеуді жүргізетін барлық медициналық ұйымдарда перинаталды скрининг бағытында бақылауды жүзеге асыру туралы Нұсқама шығарды.
Осы Нұсқаманы орындау мақсатында Басқарма Алматы облысының барлық медициналық ұйымдарының басшыларына жазбаша түсініктеме жіберді, сондай-ақ алдағы уақытта Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарға жол бермеуді және осы Нұсқама орындалмаған жағдайда. Медициналық ұйымдардың бірінші басшысы жауап беретіндігін тапсырды.
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті
