Тамашаға толы күн

​Өткен сенбіде тау мен тасы, суы мен нуы, тамылжыған табиғаты жаратқанның сыйы болып, ата-бабамыз кең жайлауын ен жайлаған Текелінің қала мәртебесін алғанына 70 толған мерейтойы дүркіреп аталып өтті.
Тамашаға толы күн

Мерейтойға арналған салтанатты шаралар легі қала азаматтарының Даққ монументіндегі «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қойып, бейбіт өмір үшін қаза тапқан жерлестердің рухына тағзым етуден басталды.

Тәуелсіздік алаңы мен оған жапсарлас көшелерде мерекелік шырай сән-салтанат құрып, қала тұрғындары мен қонақтары түрлі сипаттағы көрмелерді, ойын-сауықты, ән мен биді тама-шалап, той дастарханынан дәм татты. Гагарин көшесінің бойына орналасқан балабақша ұжымдары ұйымдастырған «Күз сыйы» көрмесі сан алуан өсімдік, жеміс-жидектен жасалған қолөнер туындыларымен көз жауын алды. Қаладағы іргелі кәсіпорындардың ақпараттық көрмесі өз өнімдерін жұртшылық назарына ұсынды. Қаз-қатар тізілген этно-мәдени орталықтар ұлттық салт-дәстүр, мол дастархан, ән-билерімен мереке көрігін қыздырды.

Салтанатты шарада Тәуелсіздік алаңына орнатылған Текелі тауының қойнауынан алғаш болып кен орнын ашқан геолог-ғалымдар Оразалы Жандосов, Мерғали Қадылбеков және Михаил Юдичевтің есімдері жазылған белгі тастың ашылуы тарих парақтарына үңіліп, елі мен жерін сүйіп, адал қызмет еткен тұлғаларды жас буынның жадында жаңғыртуға ықпалы зор болмақ.

Текелі қаласының әкімі Алмас Әділ жиналған жұртшылықты мерейтоймен құттықтап, жүрек-жарды лебізін жеткізді. Бұл күні қаланың өсіп-өркендеуіне әр салада елеулі үлес қосқан азаматтарға құрмет көрсетіліп, марапатталды. Қала әкімі Ардагерлер ұйымының төрағасы Ертай Дүйсебаевқа, «Алма-Дария» шаруа қожалығының директоры Бақыт Шалбаевқа, жеке кәсіпкер Сәкен Сандыбаевқа «Текелийский энергомплекс» ЖШС қазандық машинисі Қайрат Калимбековке Жетісу облысы әкімінің Құрмет грамотасын, Текелі кенді қайта өңдеу кешенінің инженер-технологы Гүлнар Досмұрзановаға, «Суффле Қазақстан ашытқы зауыты» АҚ элеватор бастығы Александр Бакаевқа Жетісу облысы әкімінің Алғыс хатын тапсырды.

Текелі өз тұрғындарымен, еңбек адамдарымен, білікті мамандарымен мақтанады. Қала күнінде өнер адамы Светлана Бейспекова, әлеуметтік қызметкер Күлжахан Әлпейісова, энергетик Сергей Грациенко, құрылысшы Аманбай Салғараев, ауыл шаруашылығы маманы Талғат Байгесенов, үкіметтік емес ұйым өкілі Гүлжаһан Қоштаева, педагог Гүлмира Өтепова, металлург Еділ Көшербаев, меценат Шалқар Мархаба, ерікті Холида Кусанова, медицина қызметкері Камила Жамалова, энергетик Айдос Туғанбаев, полиция қызметкері Жұмахан Қалимолданов, өрт сөндіруші Нұрсұлтан Төребеков, туристік нысан басшысы Роман Мартыненко, спорт жаттық-тырушысы Марат Қобланов, спортшы Захар Буймов, студент Шыңғыс Қабимолда «Қала адамы-2022» номинациясымен марапатталып, арнайы кәдесый-ларға ие болды.

Ал Светлана Тұрарбекова, Лаура Байсұлтанова, Александр Сидехменов, Нина Свинарева Текелі қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Қазақстанның шағын қалалары қатысқан V Республикалық «Алтын шаһар» шығармашылық фестивалінің жеңімпаздары да Текелі мерейтойында марапатқа ие болды. Олар: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Жаркент шекара отрядының көркемөнерпаздар ұжымы, ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі, Сүйінбай атындағы облыстық филармония. Сонымен қатар, білім мекемелері арасында өткен дәстүрлі қалалық көркемөнерпаздар байқауының нәтижесі де жария етіліп, жүлдегерлерге диплом табысталды. Аталған көркем-өнерпаздар байқауында бас жүлдені №4 орта мектебі, 1-орынды 5 орта мектебі, 2-орынды №6 және 8 орта мектебі, 3-орынды №1 және 3 орта мектебі иеленді. Қаланың 70 жылдығына орай қала әкімінің кубогы үшін өткен мини-футбол біріншілігіне қатысқан №3 және 6 орта мектебінің құрама командасы ІІІ дәржелі кубокпен, кәсіптік колледж командасы ІІ дәрежелі кубокпен, ал №5 орта мектебінің командасы қала әкімінің кубогы-мен марапатталды.

Текелі қаласының тарихына із қалдырып, қажырлы еңбек сіңірген мемлекеттік қызмет ардагері Светлана Тимофеевна Макарова, ұзақ жылдар Текелі қаласының идеология саласын басқарған азамат, қазір Алматы облысының ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Баяхметқызы Маупашева, қалалық мәслихат хатшысы Николай Васильевич Калиновский, кәсіпкерлікті дамытуға елеулі үлес қосып жүрген азамат, қалалық Кәсіпкерлер палатасының директоры Тұрысбек Әкімханұлы Жұмаділов, облыстық «Тәубе» мешітінің бас имамы, қаладағы діни сауаттылықты арттыруға зор үлес қосқан, 10 жылға жуық Керімбек би мешітін басқарған азамат Керімбек Сәрсембайұлы Дәуітов «Текелі қаласының Құрметті азаматы» атанды.

Туған қаламыздың оң имиджін қалыптастыру, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті арттыру және  қорғау мақсатында өткен «Сүйікті қала суреттері» байқауы жүлдегерлерінің суреттері Тәуелсіздік алаңындағы субұрқақты айнала орналастырылды. Байқау қорытындысы бойынша қала әкімінің орынбасары Бауыржан Тұғылбаев С.Лагутинаға І дәрежелі, М.Александроваға ІІ дәрежелі, А.Смирнов пен В.Чипочановқа ІІІ дәрежелі диплом мен сыйлықтар табыс етті.

Бармақтарынан бал тамған аспаздар мерейтойға тәтті, дәмді-лерін арнап, дастархандарын жайнатып тастады. «Той қазан», «Бауырсақ», «Кондитерлік өнімдер» байқауына қатысқан кәсіпкерлер мерекелік дастархан-дарынан көпшілікке дәм татқызды. «Жасыл әлем» демалыс аймағы, «Швейцария» кешені, «Сұлтан» дәмханасы дәмді палау мен берекелі мерекелік бауырсақтарын ұсынды. Ал жеке кәсіпкерлер Елнұр Көшербаева, Гүлдана Қапалова, Айсұлу Азатованың әдемі безен-дірілген тәтті торттары көзді арбап, дәмдері тіл үйірді. Оларға қала әкімінің орынбасары Әлия Оңғарбекова мақтау қағаздары мен арнайы сыйлықтарын ұсынып, еңбектеріне мол табыс тіледі.

Текелі спортшылары әрдайым қала абыройын көтеріп жүреді. Көпшілік назарына ұсынылған алуан спорт түрінен спортшылар жеткен жетістіктер мен жас спортшылардың шеберліктерін танытқан көрсетілімдері мереке мәнін аша түсті.

Тәуелсіздік алаңында Қазақстан Республикасының мемлекеттік «Салтанат» би ансамблі, Сүйінбай атындағы облыстық филармония әртістері, ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жаркент шекара отряды және Текелі өнерпаздарының қаты-суымен өткен концерт айырықша сән-салтанатымен, кәсібилігі және көркемдігімен көрерменді баурады. Ал Абай атындағы амфитеатрда өткен Балалар шығармашылығы орталығы шәкірттерінің концерті және «Делай добро Текелі» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған ойындар, байқаулар балаларға әдемі әсер сыйлады. Кешке облыстық Сүйінбай атындағы филармонияның эстрадалық орындаушылары мен жергілікті әншілер Тәуелсіздік алаңын әнге бөлеп, көпшілікті билетті, көңілдерді аспандатты.

Текелінің 70 жылдығы аясында Рудничный ауылында да мерекелік концерт өтіп, ауыл тұрғындары текелілік көркемөнерпаздардың өнерін тамашалады.

Торғын ТҰРЛЫБАЕВА

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.