Текелі өлең өрнегінде

​14 қыркүйекте Текелінің 70 жылдық мерейтойы аясында қалалық кітапхана «Сүйікті қалам» атты поэзия кешін өткізіп, Абай атындағы амфитеатрда өлең көші салтанат құрды.
Текелі өлең өрнегінде

Сырға толы лирикасымен, астарлы сатирасымен танымал жергілікті ақын Қыдыр Байдүйсенов, елге, жерге деген аста-төк көңілі жыр болып төгілетін Владимир Поляков, өлеңдері жанды толқытып, жүректі тербейтін Торғын Тұрлыбаева, рухты жырымен көркемдікке ұмтылып жүрген Мерейлім Қарабалаева және өлең өлкесіне қадам басқан жас дарын Толғанай Қасенова Текеліге арнаған және сан тақырыпты қамтыған өрнекті өлеңдерін оқыды. Ақындарға қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Марат Дәуренбаев шығармашылық шабыт тілеп, Алғыс хат пен кітап табыс етті.

Торғын ТҰРЛЫБАЕВА

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.