Самарқанның көк тасы еріген күн

Еркіндікті сүйетін дархан пейілді қазақ халқы наурыз тойын да ұлттық ерекшеліктерімен, дәстүр-салтымен, ұлттық бояуымен атап өтеді. Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағында келер жыл берекелі болсын,
молшылықтың бастауы болсын деген ниетпен қасиетті жеті түрлі дәм қосып,
наурыз көже пісіреді. Тіршілік атаулы оянып, бусанған шақта бұлақтардың көзін тазалап, ағаш егеді. Үйдің іші-сыртын тазалап, жаңғыртады. Балалар ойын мен тәттіге тойса, бозбала-бойжеткендер «ұйқыашар», «селтеткізер» жасап, айналаны ән мен күйге бөлейді. Үлкен-кіші ақ сақалды аталардың Наурыз батасынан қуат алады.
Текелі жұртшылығы биылғы Наурызды да үлкен үмітпен, сән-салтанатпен қарсы алып, ұрпаққа үлгі болар дәстүр жалғастығын паш етіп жатыр.