Алматы облысында"Абайдың Қара сөздері" көркем киножобасының түсірілімі басталды

Алматы облысында 6 қыркүйекте "Абайдың қара сөздері" кино жобасының түсірілімі басталды.
Алматы облысында

Photo : Телерадиокомплекс Президента Казахстана
Жоба 15 сериядан тұрады. "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының" қолдауымен Қазақстан президентінің телерадио кешені жүзеге асырады.
Түсірілім 2021 жылдың 25 қазанына дейін жалғасады.
"Абайдың қара сөздеріне деген заманауи көзқарас пен режиссер шешімі ұлы ойшылдың еңбегіне жаңаша қарауға жол ашады", - деп жазылған президентінің телерадио кешені ақпаратында.
Телевизиялық жоба он бес сериясының әрқайсысында толыққанды сюжет болады. Бас кейіпкерлер рөлін қазақ кинематографының белгілі актерлері - Нұрлан Әлімжанов, Жан Байжанбаев, Ерік Жолжақсынов, Тұңғышбай Жаманқұлов, Аружан Жазылбекова, Берік Айтжанов, Аян Өтепберген сомдайды.
Толығырақ: https://sputnik.kz/spirituality/20210906/18052976/Aba..

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.