Байқаудың бесінші маусымы басталды

26 наурыз бен 25 сәуір аралығында Ұлттық «Бала дауысы» балалар ән конкурсының бесінші маусымының қашықтықтан іріктеу кезеңі өтеді. Конкурстың ұйымдастырушылары 8-12 жас аралығындағы балаларды еліміздің ең ауқымды музыкалық жобасының қатысушысы болуға шақырады.
Байқаудың бесінші маусымы басталды

Онлайн-іріктеу турына қатысу үшін өтінімді толтырып, кез- келген тілде және кез-келген жанрда екі-үш ән үзінділері орындалған бейнесін жіберуі қажет. Іріктеу турының қорытындысы бойынша 17 финалист анықталады, олар маусым айының басында Алматы қаласына шақырылатын болады.

«Бала дауысы» – бұл әлеуметтік жоба, оның барлық кезеңдеріне қатысу тегін, ал оның жеңімпаздары мен жүлдегерлері еліміздің музыкалық оқу орындарында білім алуға гранттар мен ертегілер әле-
мі – Диснейлендке жолдама алады.

Байқаудың ұйымдастырушылары – Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» Қоры, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Қоры.

Толық ақпаратты Конкурстың ресми www.baladauysy.kz сайтынан біле аласыздар. Өтінімдер www.notka.kz сайтында 26 наурыздан бастап қабылдануда.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.