Мың алғыс

1 наурыз – Алғыс айту күнінде қауіпсіздікті сақтай отырып, Мәдениет үйі көрермен назарына онлайн-режимде концерт жолдады. Концертте қаланың өнер қырандары ән шырқап, мың бұралып би биледі.
Мың алғыс

Мәдениет үйінің директоры Константин Нестеров пен жетекшілері Шынар Аулбекова, Бағдат  Жунусов, Әліпбек Жаңбыршаев, Петр Саламов, Жандос Дәуренбеков қала тұрғындарына арнап концерт ұйымдастырды. Концертте  көрерменнің көзайымына айналған дарынды қала өнерпаздары «Жас жалындар» вокал тобы Айсұлу Жумабай, Ақбаян Нұрлан, Айғаным Жаркимбаева, Аружан Тансықпаева сынды арулар «Желдірме» әнін; «Надежда» ансамблі «Не грусти Калина»; Бақыт Алтынбаған «Мың алғыс дәрігерлер»;  Яна Адамова «Қазақ батырлары»; «Текелі» триосы Мағауя Есбол, Тұрдымұратов  Асылжан, Дәуренбеков Жандос «Туған жер», «Абзал ана отауы» ансамблі «Әриәйдай» деген халық әнін әсем әуенмен орындап, «Шырайлым» би ансамблі тал шыбықтай мың бұралып «Шашу» биін  биледі. Карантин кезінде өте тамаша қойылған концерт үйде қамалып жатқан қадірлі көрерменнің бір сәтке болса да көңілін ажарландарып, жүрегін тебірентті дегім келеді.  Сол себепті, мәдениет үйіне «Өнерлі өрге жүзер» демекші, ел көңілін аулаған өнерпаздарын дайындап, осындай жан жібітер концерт өткізгені үшін, алғысымыз шексіз дегім келеді. Сонымен қатар, көрерменге алдағы уақытта сабыр мен сақтық тілейміз. Сондай-ақ, концертке қатысқан өнерпаздарға да алдағы уақытта сәттілік тілейміз. 

Ұлбосын Нұрбекқызы

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.