Таңдағанын алды

Балалар жылында оларға көрсетілетін қолдау да, көмек те қомақты болғаны жөн. Сондықтан болар, дәстүрлі «Мектепке жол» акциясына жомарт жандардың ықыласы ерекше.
Таңдағанын алды

Өткен жұмада Орталық Азия университеті мен Текелі қаласының Іскер әйелдер кеңесі №4 орта мектебінің бес оқушысына жаңа оқу жылына жайдары көңілмен жарқырап баруға септігін тигізді. Балалар киімдерін сататын дүкенге аналарымен келген ұл-қыздар ақ жейде, шалбар, белдемше, аяқ киім, тағы басқа керек-жарағын алып, бір жасап қалды. Әр баланың киім-кешегіне 35 мың теңге көлемінде қаржы жұмсалды.

Сондай-ақ, «Текелі энергокешені» ЖШС директоры, Текелі қалалық мәслихатының депутаты Арман Отарбаев №6 орта мектебінің, «Қазақстан Халық банкі» АҚ Текелі қалалық филиалы №1 орта мектебінің, қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы, кәсіпкер Ертай Дүйсебаев №5 орта мектебінің жеткіншектерін қуантты. Көп балалы, аз қамтылған отбасыларының балдырғандарына көрсетілетін көмек жалғасын табады. 

Торғын ТҰРЛЫБАЕВА

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.