Таңдағанын алды

Өткен жұмада Орталық Азия университеті мен Текелі қаласының Іскер әйелдер кеңесі №4 орта мектебінің бес оқушысына жаңа оқу жылына жайдары көңілмен жарқырап баруға септігін тигізді. Балалар киімдерін сататын дүкенге аналарымен келген ұл-қыздар ақ жейде, шалбар, белдемше, аяқ киім, тағы басқа керек-жарағын алып, бір жасап қалды. Әр баланың киім-кешегіне 35 мың теңге көлемінде қаржы жұмсалды.
Сондай-ақ, «Текелі энергокешені» ЖШС директоры, Текелі қалалық мәслихатының депутаты Арман Отарбаев №6 орта мектебінің, «Қазақстан Халық банкі» АҚ Текелі қалалық филиалы №1 орта мектебінің, қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы, кәсіпкер Ертай Дүйсебаев №5 орта мектебінің жеткіншектерін қуантты. Көп балалы, аз қамтылған отбасыларының балдырғандарына көрсетілетін көмек жалғасын табады.
Торғын ТҰРЛЫБАЕВА