Шапағат шуағы

Осы аптада Балалар жылы және «Мектепке жол» акциясы шеңберінде үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша Текелі қаласының ішкі саясат бөлімі мен «Адам және қоғам» қоғамдық бірлестігі бастауыш сынып оқушыларына тарту жасады.
Шапағат шуағы

«Адам және қоғам» қоғамдық бірлестігінің өкілі, тарих ғылымының докторы, Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры Жанат Сманқұлова мен Д.Қонаев атындағы заң академиясының аға оқытушысы, заңгер Айбол Қожатаев «Жақсылық жасап жарысайық» деп бастама көтеріп, алдымен балаларға бет бұратындарын атап өтіп, еліміздің ертеңі болып табылатын жас буын мұңсыз, мұқтажсыз білім алып, өрісін кеңейтсе, Қазақстанның да болашағына сеніммен қарайтындықтарын жеткізді. Қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Гүлнар Бекшойнова балаларға бақыт пен денсаулық, жаңа оқу жылын тың күш-жігермен бастауды тіледі. Текелі қаласы мен Рудничный ауылдық округіндегі мектептерден қамтылған жиырма ұл-қыз сөмке, оқуға қажетті құралдар мен тәт-
тілерге ие болып, жүздері бал-бұл жанды.

Торғын ТҰРЛЫБАЕВА

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.