70 жеткіншекке тарту

14 тамыз күні «Жетісу шапағаты» қоғамдық қайырымдылық қоры «Мектепке жол» акциясы аясында текелілік балаларға жаңа оқу жылына сыйлық ұсынды.
70 жеткіншекке тарту

Қордың Текелі қалалық бөлімшесінің жетекшісі Әбубәкір Бақытақынұлы жазғы демалыс аяқталып, оқу жылы басталар тұста балаларға жомарт жандардың көмегімен оқу құралдары салынған бір-бір сөмке сыйлауды жөн көргендерін айтып, жиналған ұл-қыздарға сабақты жақсы оқып, адал, иманды, білімді азамат болып өсуді тіледі. Аз қамтылған отбасылардан 70 оқушы сөмке мен қалам-дәптерлерін түгендеп алды. Сөмкелерін құшақтаған балалардың мерейі бір өсіп қалды.

«Жетісу шапағаты» қорының Алматы қаласындағы бөлімшесі де аз қамтылған отбасылардан 66 оқушыға дәл осындай сыйлық таратты.

Торғын ТҰРЛЫБАЕВА

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.