70 жеткіншекке тарту

Қордың Текелі қалалық бөлімшесінің жетекшісі Әбубәкір Бақытақынұлы жазғы демалыс аяқталып, оқу жылы басталар тұста балаларға жомарт жандардың көмегімен оқу құралдары салынған бір-бір сөмке сыйлауды жөн көргендерін айтып, жиналған ұл-қыздарға сабақты жақсы оқып, адал, иманды, білімді азамат болып өсуді тіледі. Аз қамтылған отбасылардан 70 оқушы сөмке мен қалам-дәптерлерін түгендеп алды. Сөмкелерін құшақтаған балалардың мерейі бір өсіп қалды.
«Жетісу шапағаты» қорының Алматы қаласындағы бөлімшесі де аз қамтылған отбасылардан 66 оқушыға дәл осындай сыйлық таратты.
Торғын ТҰРЛЫБАЕВА