Акция басталды

Мектеп жасындағы балаларды оқумен қамту, әлеуметтік тұрғыдан әлсіз отбасылардан шыққан балаларды қолдау мақсатында биыл «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтеді.
Акция басталды

Бүгінде аудан, қалаларда көмекке мұқтаж балалардың тізімі жасалып, акцияны ұйымдастыру жұмыстары жоспарға сәйкес ұйымдастырылуда. Айта кетерлігі, Жетісу облысында 32663 – көп балалы, 12398 – аз қамтылған, 429 – сәтсіз отбасының, 775 – жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар.

«Балаларға жақсылық сыйла!», «Ауыл балаларына – мектепке сыйлықтар», «Отбасы отбасына көмектеседі:  баланы мектепке жинайық!» қайырымдылық акцияларын ұйымдастыра отырып, атаулы көмек көрсету үшін мектепке дайындық кезінде қолдауды қажет ететін оқушыларға мемлекеттік органдар мен ұйымдар, бизнес-құрылымдары бекітілуде»,– деп атап өтті орта білім беруді дамыту, қорғаншылық және қамқоршылық, тәрбие жұмысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Г.Ахметова. Биыл  облыс бойынша 14000-нан аса бала 360 млн. теңгеге қыстық киім, мектеп формасы және мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілмек.

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.