Білім жетілдіру ұстазға қажет

18 сәуір мен 6 мамыр аралығында «ТАЛАП» коммерциялық емес акционерлік қоғамның ұйымдастыруымен колледж педагогтері мен өндірістік оқыту шеберлеріне арналған «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің педагогы: еңбек функцияларын жетілдіру» тақырыбында кәсіби қазақ тілі пәнінің оқытушысы Дауренбаев М.Ө. және өндірістік оқыту шебері Джаламбетов М.Ш. біліктілік арттыру курсынан өтіп келдік.
Білім жетілдіру ұстазға қажет

Курста куратор Адамбаева Гүлбарам Советқалиқызы жан-жақты іс-тәжірибесімен бөлісіп, қойылған сұрақтарымызға тұщымды жауаптар алдық.

Оқыту процесінде ТжКББ саласындағы нормативтік құжаттармен жұмыс істеуді, еңбек практикасында (SWOT)  талдау арқылы білім беру ұйымының күшті, әлсіз жақтарын зерделей отырып, оқу процесін ұйымдастырудың негізгі функциялары мен құралдарын пайдалану мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерін, мүмкіндіктерін болжауды сондай-ақ, оқу үрдісінде және тәжірибеде тиімді қолдануды үйрендік. Курстан кейінгі жұмыстарымызды өз әріптестеріміздің алдында іс-тәжірибелерімізбен бөлістік. Іс-тәжірибемен бөлісу барысында кәсіптік стандарттар мен жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес мамандық бойынша функционалдық қарта әзірлеуді және заманауи инновациялық, цифрлық технологияларды игеріп, жұмыста қалай қолдану керектігін ортаға салдық.

Өйткені, жастарға заман талабына сай білім беру ұстаздың міндеті. Сондықтан осындай курстарда оқып біліміңді жетілдіру өте қажет.

Марат Дәуренбаев,  Текелі кәсіптік колледжінің оқытушысы

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.