Біліктілікті арттырудың жаңаша үлгісі

Заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарламаның бірі – мем-лекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы.
Біліктілікті арттырудың жаңаша үлгісі

Жаңартылған білім беру бағдарламасы өзінің құзы-реттілікке бағдарлануымен ерекшеленеді. Бағдарлама аясында бүгінде көптеген ұстаздар жаңартылған білім мазмұнына сай өз білік-тіліктерін арттыруда.

«Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім.Оқуды, ізденуді тоқтасымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген қанатты сөз ұстаз білік-тілігінің ізденісті еңбекте жатқанының нақты дәлелі. Демек, бүгінгі тез қарқынмен дамыған ақпараттық әлемде алған білім де, жинаған тәжириебе де үздіксіз толық-тылырып отыруы керек. Міне, сол кәсіби білімді арттырып, біліктілікті шыңдауда «Өрлеу «Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының қысқа мерзімді курстары өз рөлін сәулелендіруде.

«Қазақстан тарихы» және «Құқық негіздері» пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында өткен қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курсында кураторымыз, институттың «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Масимова Хуршидам екі апта бойы ұстаздарға білгенін үйретіп, біліктілікті шыңдауға барын салды.

Курс басқа біліктілікті арттыру куртарынан ерекшеленеді, себебі бұл біліктілікті арттыру курсы қашықтықтан оқыту форматында өтуде. Күніне үш сағатты қамтыған онлайн курс барысында Х.Ташболатқызы білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау, зерттеу дағдыларын дамыту, оқытудың белсенді әдістері тақырыптары аясында көптеген қажетті білімдері қамтыды.

Қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курсы қашықтықтан оқыту форматында жүргізілсе де куратор кез келген мәселе бойынша дер кезінде кеңес беріп, кері байланыспен кемшіліктерді түзетіп, толықтырып отырды.

Айта кететіні, орталық институтының жоспары негізінде қаламыздан 34 мұғалім түрлі пәндер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтуде.

 Ғалия Жаңбырбаева, білім бөлімінің бас маманы

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.