Жаңа мүмкіндіктер: Жетісу облысында «Мың бала» жобасы қайта басталды

10 ақпан мен 10 наурыз аралығында облыста «Мың бала» жобасына өтінім беру жүзеге асты. Нәтижесінде өңір бойынша 4884 оқушы жобаға қатысуға ниет білдірген. Ұлттық олимпиада тек 6 сынып оқушыларына арналған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде облыстық білім басқармасының басшысы Марат Сүлейменов пен «Жетісу дарыны» орталығының директоры Сандуғаш  Жұмагелдина айтып берді.
Жаңа мүмкіндіктер: Жетісу облысында «Мың бала» жобасы қайта басталды

Биыл ауыл оқушыларына арналған олимпиада бесінші рет өткізілуде. Жобаға қатысу үшін 1000bala.elumiti.kz сайтына тіркелу қажет.

«Олимпиада екі кезеңнен тұрады. Олимпиаданың бірінші кезеңі 2 сәуірінде сағат 10:00-18:00 аралығында прокторинг жүйесі негізінде ұйымдастырылды. Бұл  тетік олимпиаданың академиялық адалдық шеңберінде өтуіне мүмкіндік береді. Тестілеу «Логикалық ойлау» және «Кеңістіктік ойлау» деген екі бөлім түрінде өтеді. Осы іріктеуден өткен қатысушылар, келесі 2-ші кезеңге жіберіледі. Олимпиаданың екінші кезеңі 24-26 сәуір аралығында «Ustudy» өңірлік тестілеу орталығында өтеді. Бұл кезеңде қатысушылар «Математикалық сауаттылық», «Қазақ тілі» қазақ тілінде оқитын оқушыларға, «Русский язык» орыс тілінде оқитын оқушыларға, «Ағылшын тілі», «Жаратылыстану» пәндері бойынша академиялық білімін бағалайтын компьютерлік тестілеуден өтеді», - деді жоба үйлестірушісі.

Білім басқармасы басшысының айтуынша, олимпиада қорытындысы бойынша республикада 1000 жеңімпаз анықталмақ. Оның нәтижесінде оқушылар еліміздің жетекші мектептерінде білім алу мүмкіндігіне қол жеткізеді. Атап айтсақ,  Республикалық физика-математика, «Білім-Инновация» мектебі және «Дарын» мамандандырылған мектебіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген квотаға сәйкес оқуға қабылдау мүмкіндігі беріледі. Одан бөлек, қосымша 5 000 Олимпиада финалистері «Birge oqý» онлайн мектебінен білім ала алады.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.