Дала өрттерін болдырмас үшін

Мемлекеттік өрт сөндіру қызметі Төтенше жағдайлар министрлігі құрамында болуы қоғамның дамуынан туындаған. Қазіргі кезде ұжым мүшелері өрттің алдын алу, кездескен зардаптардың зиянын жою, тағы басқа істерді қалалық әкімшілік, қоғамдық орындармен және азаматтармен бірлесіп атқаруда.
Дала өрттерін болдырмас үшін

Өрт адам өміріне, материал-дық құндылықтарға қауіп төндіреді. Өрт қауіпті кезеңінде әр жерден шөптің өртенгені туралы хабарлар түсіп жатады. Таулы және орманды алқаптарда өртті өшіруді  қиындататын көп жылдар бойы жиналған ағаштардың жапырақтарымен, шөптің қалдықтары қалың қабатталып, өшіргеннен кейін кішкене желден тезектей тұтанып қайта жанады. Шөп жануының басты себептері әдейі өртеу,  байқаусызда өрт шығуына жол беру (өшірілмеген темекі, от т.б.), өрт қауіпсіздік ережелері бұзылуы болып табылады.

 Мемлекеттік өрт қадағалау қызметкерлерінің берген ұйғарымдары бойынша қала аумағындағы мекемелер мен  әкімшілік бірігіп, ерікті өрт сөндірушілер жасақтарын құрып, оларды қажетті құралдармен, техника және жанар-жағармай қорымен қамтамасыз етуге тиісті. Сол жұмыстың нәтижесінде болған дала мен таудағы өрт егінге, шабындық, жайылымға тарамай, аз шығын   мен тоқтатылуы керек, ал ең дұысы сол өрттерді болдырмай, алдын алу.

Қорытындылай келе айтарымыз, өкінішті жағдайдың алдын алу, болдырмау, көп жағдайда, әр адамның және қоғамның өз қолында, өрт қауіпсіздік ережелерін біліп қана қоймай, оны күнделікті естен шығармай орындау соның кепілі.

Текелі қаласының ТЖБ

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.