Күй құдыреті

Бір жолы әмір сарайында әкімдер, ғалымдар мен өнерпаздар бас қосқан сыр-сұхбат кеші өтіп жатса керек. Осы кешке жұпынылау киінген әл-Фараби тап болады да, елеусіз ғана бір шеттен орын алады.
Күй құдыреті

Небір тапқыр сөз сайыстары болып, небір арқалы өнер түрлері делебе қоздырған кезде жиынды басқарушы: – Қонақтың қандай өнері бар екен? – деп әл-Фарабиге тіл қатады. Сонда әл-Фараби өзі жасаған «Қыпшақ» деп аталатын домбырасын қоржынынан алып, құлағын күйлеп тарта жөнеледі. Алғашқыда ортекедей ойнақтаған ерке күй жиналған жұрттың бәрін күлдіріп, еліктіріп әкеткендей болады. Мұнан әрі домбырасын басқаша күйлеп, сұңқылдата зарлатқанда тыңдаушы қауымның әрқайсысы өз басындағы қайғы-мұңмен қауышқандай, көздеріне жас алыпты дейді. Келесі бір тыныста, қыпшақ-домбыраның құлақ күйі қоңыр сазға ауысып, жанға рахат үнмен бесіктей тербегенде тыңдаушылар маужырап, қалғи бастайды. Сол кезде «Бұл күйлерді тартқан – қыпшақ әл-Фараби» деп бір парақ қағазға жазыпты да, әл-Фараби сарайдан шығып жүре берген екен дейді.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.