Түркі елінен шыққан ұлы ғалым

Әл-Фарабидің толық аты «Әбу Насыр Мухаммат бин мухаммат бин тархан бин ұзлақ әл-Фараби әт Түрки». Ғалымдардың сөзінше, есімдегі «әт Түрк» дегені оның Түркі елінен шыққанын дәлелдеп отыр.
Түркі елінен шыққан ұлы ғалым

Ежелгі шығыс ғұламасының жазған еңбектері – баға жетпес байлық. Ал жеке өзін әңгіме өзегіне айналдырсақ, біреулер, екінші ұстаз парсы елінен шықты десе, енді бірі түркі жерінің тумасы дейді.

Шығыс ойшылы 870 жылы Отырарда әскери отбасында дүниеге келген.Филология ғылымдарының докторы, шығыстанушы Әбсаттар қажы Дербісәлінің сөзінше, бүкіл әлем ғұламаны толық атымен атайды. Тек бір ел соңындағы «әт Түркиді» айтпайды екен. Ирандықтар оны парсы текті дейді-мыс.

«Мен бірде Тегеран қаласына конференцияға бардым. Сөзден сөз шығып кетті. Біздің Отырар деген қаласынан, Фараб қаласынан әл-Фараби шыққан десем. «Жоқ, ол парсы, ирандық» деді. Сосын мен айттым. Сізде қандай деректер бар дедім. «Жоқ дерек, бірақ ол парсы» деді. Сосын мен айттым, сіз Ибн Хәлиқаның кітабын оқыдыңыздар ма? «Ол кім?» деді. Ол әл-Фарабиден кейінгі бірнеше ғасырдан кейін өмір сүрген кісі. Әбу Насырға ең жақын өмір сүрген кісі. Сол кісінің «Ұлы адамдардың қазасы» деген кітабының ішінде «әл-Фараби философ» естелігі бар. Соның ішінде осы Әбу Насыр бин Мухаммат бин Тархан бин Узлақ әл-Фараби әт түрки деп жазған дедім», – деп еске алады Әбсаттар қажы Дербісәлі. Сөз таппай қалған парсы ғалымы, әл-Фараби өмір сүрген қала Отырардың басшылары Сомонидтер болған дейді. Сонда Әбсаттар қажы Дер-бісәлі: «Иә, дұрыс айтасың, бірақ сомонидтер үкімет басында болды. Жергілікті халық түркілер еді» деген екен. Сонда әлгі сөз таластырған ғалымның аузына құм құйылған болса керек. Яғни, әл-Фарабиді біз түркі елінен шыққан ұлы ғалым деуге әбден құқымыз бар. Осындай деректер өмірден өткен ғұламаларымызды дәріптеуге, болашақ ұрпаққа кеңінен танытуға септігін тигізетіні анық.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.