«Әл-Фараби» мемлекеттік телевизиялық арнасы өз жұмысын күзде бастайды

Жаңа оқу жылының басында Қазақстанда «Әл-Фараби» мемлекеттік телевизиялық арнасы іске қосылады, деп хабарлайды Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева.
«Әл-Фараби» мемлекеттік телевизиялық арнасы өз жұмысын күзде бастайды

«Бұл өте маңызды қадам, әсіресе үлкен ақпарат ағымы жағдайында, азаматтарға сенімді ақпарат алуға мүмкіндік береді. Сонымен отандық БАҚ мазмұнын дамыту үшін министрлік отандық ақпараттық кеңістікті дамыту және бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Қазіргі уақытта осы жылы екі жаңа телеарнаны – «Абай ТВ» және «Әл-Фараби» ашу мәселесі қарастырылуда. Ал екінші телевизиялық жоба – әл-Фараби арнасы, оның сөзінше, «Хабар» агенттігінің негізінде оқу жылының басында іске қосылмақ. әл-Фараби арнасы 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен жаңа білім беру-ағартушылық теледидар алаңына айналады. Мұндай арнаның өзектілігі әсіресе пандемиядан байқалды. Сонымен қатар біз отандық сериялық өнімдер шығаруды жалғастырамыз. Биыл 42 серияны шығару жоспарлануда. Отбасылық құндылықтар туралы қызықты жобалар, еріктілер іс-шаралары және мұғалімдердің, дәрігерлердің, полиция қызметкерлерінің имиджін жақсартуға және салауатты өмір салтын насихаттауға арналған сериалдар көрерменге жол тартады.

Бүгінгі таңда коронавирустық панде-мияға байланысты бұқаралық ақпарат құралдары үлкен экономикалық қиын-дықтарға тап болуда. Осы жылы жар-намалық кірістерді жоғалту болжамы орта есеппен 30-дан 60%-ға дейін деп бағаланып отыр. Дағдарысқа қарсы шаралар аясында Қазақстан Республикасының Парламенті 2020 жылғы 1 сәуірден 1 қазанға дейінгі кезеңге салықтар мен жалақы қорынан міндетті жарналардан босатуды көздейтін заңнамаға түзетулерді мақұлдады. Сонымен қатар Парламент коммерциялық теледидарлар мен радиоарналарды аналогтық және сандық хабар тарату қызметтерін 2020 жылғы 1 шілдеден 31 желтоқсанға дейінгі мерзімге төлеуден босататын заң жобасын қабылдады», – деді министр.

https://strategy2050.kz

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.