Абай арманы – халық арманы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақтың ұлы ойшылы, ғұлама ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының басталуына арналған салтанатты шараға қатысты.
Абай арманы – халық арманы

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің барлық өңірінде және шетелдерде жыл бойына өтетін мерекелік шараларды ресми түрде бастап берді.

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова құттықтау сөзінде: «Биыл біз халқымыздың көрнекті ақыны, ойшылы Абай Құнанбайұлының мерейтойын атап өтеміз. Абай философиясы біздің мәдени және ұлттық бірегейлігіміздің ажырамас бөлігіне айналды. Ақын өз уақытынан озып, тарихтың күрделі кезеңдерінде халықты ұлттық құндылықтар, ана тілі мен мәдениеті төңірегінде біріктірген көзқарастар жүйесін қалыптастырды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Абайдың терең ойлары мен пайымдаулары біздің күнделікті істеріміздің негізіне жатуы тиіс екенін бірнеше рет атап өтті. Бұл дана өсиеттерге адалдық пен біздің ұрпағымыздың ұлт мұғалімінің жадына деген борышының дәлелі болады» деді.

Мемлекет басшысы «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында ұлттық жаңғыру ісі ұлттың болмысынан, тарихынан, ұлы тұлғаларының ерлігі мен ақыл-парасатынан нәр алатынын, осы үдерісте Абай мұралары зор маңызға ие екенін, ұлы ойшыл осыдан бір жарым ғасыр бұрын халқымызды заман дамуына ілесіп, жан-жақты жетілуге, озық ұлттар қатарынан табылуға үндегенін, демек, Абай тағылымы халқымыз үшін бүгін де өте өзекті екенін алға тартып, халқымызды  халықаралық, республикалық және аймақтық деңгейде ұйымдастырылатын  Абай тойынан тағылымды тәрбие ала білуге шақырды.

Демек, Абайдың қара сөздерін, өлеңдерін оқып, жаттап, ақыл-өсиетін ой тереңіне, сана биігіне берік орнықтыра білуіміз, өзімізді Абай айтқан «өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ» дейтін бес дұшпаннан сақтап, білім мен өнерге, жасампаз екбекке қамшылауымыз керек-ақ! Сонда ғана еңселі ел, күшті мемлекет құру ұлы мұратына жетеміз. Соған сенейік!               

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.