Алматы облысының 137 –і мектебіне қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Жыл басынан бері Алматы облысында жоспарланған 17 мектептің 5400 орынға арналған 12-сі пайдалануға берілді, оның ішінде 6 жекеменшік. Жыл соңына дейін тағы да 6 білім ошағы қолданысқа берілді деп күтілуде. Бұдан бөлек, 137 мектепті қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қаласында, ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен Алматы облысы әкімінің баспасөз мәслихаты барысында белгілі болды.
Алматы облысының 137 –і мектебіне қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде

«Үш ауысымда оқыту мәселесін шешу үшін және «Nur Otan» партиясының 2021-2025 жылдардағы сайлауалды бағдарламасы аясында бейімделген мектептердің орнына біз 115 мектеп салуға тиіспіз. Бұл мақсатқа қазынадан 11,3 млрд.теңге қарастырылған »,- деді Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы.

Мектепке дейінгі білім беру саласына келсек, жыл басынан бері 9590 орынды 135 балабақша ашылды. Облыста 3-6 жас аралығындағы балаларды қамту бойынша жоспарланған көрсеткішті 99,9 пайызға жеткізу мақсатында мемлекеттік тапсырысқа қосымша 2,5 млрд теңге қарастырылған. Жалпы облыс бойынша мемлекеттік тапсырыс көлемі 42,5 млрд теңге болса, оның 34,3 млрд теңгесі жергілікті бюджет қаражаты. 2022 жылы облыста мектепке дейінгі білім берумен қамту 100 пайызға жеткізіледі.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.