Тұрақты даму негізі

Қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа дәстүрлі Жолдауын жариялап, өркендеу өрісімізді нақтылады.
Тұрақты даму негізі

Президент аталған Жолдауында жаңа экономикалық саясаттың негізгі бағыт-бағдарын айқындап, Үкімет пен жергілікті атқарушы билікке ел экономикасының жыл сайынғы тұрақты өсімін 6-7 пайызға жеткізу, 2029 жылға қарай ұлттық экономика көлемін екі есе ұлғайту, еліміздің байлығы мен табысын халқымыздың арасында әділ бөлу міндеттерін жүктеді. Еліміздің 5-6 жылдағы даму траекториясын айқындайтын бұл Жолдау міндеттерінің сәтті орындалуына тек билік қана емес, жалпы халық та, іскерлік орта да мүдделі болуға тиіс.

Мемлекет басшысының бастамасымен саяси-экономикалық реформалар жүзеге асырылып жатыр. Оның алғашқы нәтижелері де жоқ емес. Бұл аса маңызды құжатта орта мерзімдегі экономикалық саясатымыз айқындалды, соның ішінде халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға баса мән берілді. Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен «Халықтың табысын арттырудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасы» бекітілді. Осы бағдарламаның бір бағыты – бюджеттен қамтамасыз етілетін ұйым қызметкерлерінің еңбекақысын жүйелі түрде өсіру. Мәселен, мемлекеттік білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтар мен медицина қызметкерлерінің жалақысы жыл сайын өсіп келеді. Сонымен қатар, 2025 жылға дейін мәдениет және мұрағат ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын арттыру жоспарланып отыр. Жалпы, бұл – өте ауқымды бағдарлама.

Қорыта айтқанда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында қамтылған маңызды міндеттер оңтайлы жүзеге асырылу үстінде. Осылайша, нақты іске асырылып жатқан саяси реформалар халықтың билікке деген сенімін нығайтып, қоғамда соны өрлеу туғы-зып отыр. Сондықтан, экономикалық саясаттың жаңа үлгісін жүзеге асыру еліміздің тұрақты, сапалы әрі ұзақ мерзімді экономикалық дамуына негіз болатыны анық.

Бауыржан ТҰҒЫЛБАЕВ,  Текелі қаласы мәслихатының төрағасы

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.