Жыр алыбы Жамбылдың 175 жылдығына арналған Халықаралық айтыс басталды
Культура   08.11.2021   1953
Талдықорғанда І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай "Төгейін жырды халқыма" атты Халықаралық айтыс өтті. Еліміздің аузымен құс тістеген ақындарымен қатар Қырғыз елінің төкпе айтыскерлері арнайы келді. Айтысты құттықтау сөзбен ашқан облыс әкімі Амандық Баталов Қырғыз делегациясына қош келдіңіздер деп, ыстық ықыласпен қарсы алды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.