Жарқын болашақ бейнесі – жастар!
Общество   05.08.2021   1172
Жастар - ұлт үмітін арқалаған ел ертеңі. Үмітті іркілтпей, сенімді сапалы ақтау сол буынның парызы. Олар қазіргі қоғамның жетекші күші ретінде еліміздің дамуы үшін жауапты екені мәлім. Еліміздің тарихы мен мәдениетінің тағдыры, дамуы мен модернизациялануы, жалпы бүгіні мен ертеңі де жастарға байланысты. Жастар — қай заманда, қай елде болмасын асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы болған. Еліміздегі жас буын өкілдері мемлекетіміздің жаңа келбетін қалыптастырады. Олардың жаңа белестерге деген ұмтылысы жаңа идеялардың туындауына себепші болады. Ал, жаңа идея қазақ елінің жаңаруына бағыт алып, “Мәңгілік ел” болуына нық қадам бастайды.
Қайырымды істер марафоны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев волонтерлық қызметті одан әрі дамытып, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында жалпыұлттық жоба - «Қайырымды істер марафонын» өткізуді ұсынған болатын. Жоба бағыты бойынша бүгін Талдықорған қаласында "Қарттарым-асыл қазынам" атты қайырымдылық акциясы өтті.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.