Жетісуда Бейсен Құранбек атындағы журналистер мектебі ашылмақ
Общество   06.07.2024   138
Жетісу өңірінде журналистика саласын дамыту мақсатында алдағы уақытта есімі елге танымал журналист Бейсен Құранбектің есімімен аталатын арнайы мектеп ашылуы жоспарланған. Ағымдағы жылы жоба аясында 150 журналист кәсіби біліктілігін арттырмақ. Бұл өңірдің медиа саласындағы жас мамандарды даярлау бағытындағы жақсы бастаманың біріне айналмақ.