Әлем чемпионатына жолдама алды
21 мен 22 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласында киокушинкай каратэден Қазақстан Республикасының Біріккен чемпионаты өтті. KWU әлем чемпионатының екінші іріктеу кезеңіне үздіктер қатысып өзара күштіні анықтады.

Нәтижесінде Әсемай Акранбек пен Данелия Ақатаева Әлем Чемпионатына жолдамаға қол жеткізді. Бұған қоса Ә. Акранбек каратэдан ҚР Спорт шебері атағын иеленді. Зейнеп Асхат 10-11 жас аралығында 35 келіге дейін салмақта додаға түсіп, күміс медальға ие болды.
Гауһар Мұса