Медицина статистикасына сәйкес, аппендицит планета тұрғындарының шамамен 5-10%-да кездеседі. Бірақ аппендициттің алдын алу мүмкін емес. Егер қабыну пайда болған сәттен бастап екі күн өтпесе және операция уақытында жасалса, онда асқыну ықтималдығы аз болады. Жалпы, емдеудің сәтті болуы диагноздың уақытылы қойылуына, науқастың дер кезінде мамандарға жүгінуіне байланысты.

Талғар аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне 1992 жылы туған науқас шұғыл түрде жеткізілді, ол түскен кезде іш ауруы, жүрек айну, құсу, әлсіздік байқалды. Жалпы аурудың басталғанына 1 тәулік болған, үйінде ауырсынуды басатын дәрі қабылдаған, дәрігерлерге жүгінбеген, сондықтан, жалпы жағдайының нашарлауына байланысты орталық ауруханаға жеткізілді.

Қабылдау бөлімінде пациентті арнайы топ қарап, тексеріп, аппендицит диагнозын қойды, операцияға келісім алғаннан кейін операциялық блокқа берілді. Науқас операциядан кейін хирургия бөліміне ауыстырылып, аталған диагноз бойынша ем алды. Операциядан кейінгі диагноз: асқынған флегманозды аппендицит. Бұл ота кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында жасалды. 

Операцияны дәрігер-хирург Тастанқұлов Қуандық Ерболатұлы, көмекшілер дәрігер-хирург Әбдірешит Алихан Мұратұлы, дәрігер-анестезиолог Ғалиева Зухра Тұрсынқызы, анестезист Ережепова Гаухар Сұлтанқызы, операция медбикесі Отарбаева Гүлнара Джакуляевна жасады. Ал, операциялық блокты санитар Баладжанова Сандуғаш Сүлейменқызы дайындады. 

Асқынған флегмонозды аппендицит – құрт тәрізді өсіндінің ісінуі және қабынуы.

Заманауи хирургия үшін техникалық тұрғыдан аппендицитті жою операциясы ешқандай өзгеріске ұшыраған жоқ, бұл ампутациялық хирургия деп аталатын классикалық мысал. Қазір ол лапароскопиялық жолмен жүзеге асырылады.

Көптеген адамдар құрт тәрізді өсінді пайдасыз деп санайды. Бірақ іс жүзінде оның иммундық жүйенің жұмысына қатысы бар, дененің маңызды бөлігі болып табылады, қорғаныс (иммунитетке әсер етеді), секреторлы, гормоналды функцияларды орындайды.

Медицина тарихында соқыр ішекті алып тастау үшін жоспарлы профилактикалық операциялар жасау фактілері болған, алайда кейін оның қате түсінік екендігі дәлелденді, өйткені кез-келген негізсіз ота проблемаларға әкеліп соғуы мүмкін, сондықтан мұндай операциялардан кейін адамдар басқаларға қарағанда жұқпалы ауруларға, сондай-ақ ішектің созылмалы патологиясына бейім болды.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.