Мемлекеттік қызметтер

Азаматтарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолже-тімділігін арттыру және азаматтар үшін кедергісіз орта қалыптастыру мақсатында бірқатар қалалық мекемелерінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары құрылды және жұмыс осы уақытта жалғасуда.
Сонымен қатар, әр әлеуметтік қызмет алушы тұлға өзіне электронды санды қолтаңба ашып, egov қызметіне немесе қала мекемелерінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарына жүгініп, өтініш беру арқылы әлеуметтік қызметтер көрсету порталына оңалту құралдарын алуға тапсырыс бере алады немесе әлеуметтік қызмет алушылар үйден шықпай-ақ (бір терезе арқылы) оңалту құралдарымен: протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдарды, сондай-ақ кресло-арбаларға, арнайы әлеуметтік қызметтерге жеке көмекшілердің, ымдау тілі мамандарының қызметтері және санаторлық-курорттық емдеу орындарына тапсырыс бере алады.
Әр әлеуметтік қызмет алушы техникалық және оңалту құралдарына тапсырыс беруде жеткізушімен тікелей байланыста бола отырып, сапасы мен бағасын таңдау құқығына ие бола алады. Мысалы: санаторлық-емдеу орындарын таңдау, кресло-арбалардың электрлік, тұтқасыз немесе тұтқасы бар, гигиеналық құралдарды да түрлеріне қарай таңдайды.
Барлық портал сұрақтары бойынша: Текелі қаласы, Ғарышкерлер көшесі 7/1 мекен жайында орналасқан «Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне хабарласуларыңызға болады. Байланыс тел:4-44-10.
Электронды санды қолтаңба сұрақтары бойынша қалалық әкімдік ғимаратының 1 қаба-тында орналасқан Сервистік әкімдікке немесе өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарына жолы-ғуларыңызға болады.
А.Ысқақова, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімінің басшысы