Мемлекеттік қызметтер

1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы.
Бөлімде «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқcат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге келесі катего-риядағы адамдар тіркеуге тұра алады:
• жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
• «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға;
• мемлекеттік қызметкерлерге, бюджеттік ұйым қызметкерлеріне, әскери қызметкерлерге, ғарышкерлікке үміткерлерге және мемлекеттік сайлау лауазымындағыларға;
• толық емес отбасыларға;
• әлеуметтік осал топтарға.
Енді кезекке тұру үшін құжаттар тізімін жинаудың қажеті жоқ. Тек жеке куәлігіңіз бен ЭЦҚ кілті болуы қажет.
2. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйді жекешелендіру.
Тұрғын үйді мемлекеттік кәсіп-орындардың және мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік тұрғын үй қорынан коммуналдық меншікке берген жағдайда – 15 (он бес) жұмыс күні.
Тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жасау – күнтізбелік 5 (бес) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық түрінде.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәти-жесінің түпнұсқалылығын www.egov.kz порталында тексеруге болады.
3. Ағаштарды кесуге рұқсат беру.
Ағаштарды кесу кесілген ағаштардың орнына жеке және заңды тұлғалардан өтемдік отырғызу туралы кепілхат ұсынылған жағдайда уәкілетті органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылады және де кесілетін ағаштың сызба түрі қажет етіледі.
1 ағаш кесілген жағдайда, орнына 5 түп ағаш отырғызылуы тиіс.
Бұл ретте, жасыл екпелерді түгендеу және орман-патологиялық зерттеу материалдарына сәйкес қайта отырғызуға жататын ағаштар уәкілетті орган ағаштарды кесуге рұқсат беру құжаттарында көрсеткен учаскілерге қайта отырғызылады.
4. Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезең-дегі жұмысқа әзірлік паспортын беру.
Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидалары:
1) әзірлік паспорты – энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін растайтын, жыл сайын берілетін құжат;
2) жүйелiк оператор – орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды, басқа мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен қатарлас жұмыс iстеудi қамтамасыз етудi, энергия жүйесiндегi теңгерiмдi ұстап тұруды, жүйелiк қызметтер көрсетудi және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiнен қосалқы көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды, сондай-ақ электр энергиясын ұлттық электр желiсi бойынша берудi, оған техникалық қызмет көрсетудi және оны пайдалану әзiрлiгiнде ұстап тұруды жүзеге асыратын ұлттық компания;
3) күзгі-қысқы кезең – басталуы мен аяқталуын жергілікті атқарушы органдар белгілейтін жылыту маусымы;
4) энергия беруші ұйым – шарттар негізінде электр немесе жылу энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсететін ұйым;
5) энергия өндіруші ұйым – электр және (немесе) жылу энергиясын
өз қажеттіліктері және (немесе) өткізу үшін өндіруді жүзеге асыратын ұйым.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы талабына сай, қазір үйден немесе кеңседен шықпай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге қандай кезекте тұрғаныңызды интернет желісіндегі www.egov.kz сайтынан көре аласыз. Енді кезекке тұру үшін құжаттар тізімін жинаудың қажеті жоқ. Тек жеке куәлігіңіз бен ЭЦҚ кілті болуы қажет.