«OTAU TV» пайдаланушылар саны 1 500 000-ға жетті

2011 жылы телерадио хабарларын таратудың жерсеріктік желісі халыққа «OTAU TV» еркін қолжетімді арналардың топтамасына енгізілген 44 отандық телерадиоарнаны тегін көруге мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта «OTAU TV» жерсеріктік телерадио хабарларын тарату желісі арқылы «Тегін» топтамасы 66-дан астам телерадиоарнаны таратады.
Жерсеріктік телерадио хабарларын тарату республика аумағын 100% қамтуды қамтамасыз етіп отыр, соның арқасында халық бұл қызметке кез келген елді мекенде қосыла алады.