«109 қызметі» – халық пен мемлекеттік органдар арасындағы тәулік бойы тиімді байланыс орнататын заманауи платформа

«Smart City» тұжырымдамасын іске асыру аясында «109 қызметі» бірыңғай байланыс орталығы жобасы Жетісу облысында 2022 жылдан бастап жұмыс істейді. Бұл – халық пен мемлекеттік органдар арасында коммуналдық және әлеуметтік сипаттағы мәселелер бойынша тәулік бойы тиімді байланыс орнататын заманауи платформа.
Байланыс орталығы бес негізгі арна бойынша қызмет көрсетеді: қысқа нөмір 109, https://zhetysu.komek109.kz/submit ресми порталы, Zhetysu 109 мобильді қосымшасы, WhatsApp пен Telegram мессенджерлері, сондай-ақ Instagram-дағы ресми парақша. Мұндай көпарналы жүйе барлық жас және цифрлық сауаттылық деңгейіндегі тұрғындар үшін қызметтің барынша қолжетімді болуын қамтамасыз етеді.