«Egov жаршысы» жобасы іске асырылуда

Мемлекеттік қызметтерді қағаз түрінде алудың негізгі себептері азаматтардың мемлекеттік қызметтерді электронды форматта алу мүмкіндігі туралы хабардар және мемлекеттік қызметтерді элек¬тронды форматта алу дағдыларының болмауы, яғни цифрлы сауаттылықтың төмендігі болып саналады. Осыған байланысты, Волонтерлер жылы аясында Алматы облысында электронды мемлекеттік қызметтер мен мобильді қосымшаларды насихаттау мақсатында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің бастамасымен Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ Алматы облысы бойынша филиалының қолдауымен «Egov жаршысы» жобасы іске асырылуда.
 «Egov жаршысы» жобасы іске асырылуда

Жобаның негізгі міндеті – облыс халқының 80%-дан астамын мемлекеттік қызметтерді электронды форматта алу бойынша оқыту және түсіндіру іс-шараларымен қамту және өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарын насихаттау.

Текелі қаласының жастар ресурстық орталығындағы жас еріктілермен Электрондық үкімет порталы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Түсіндіру жұмыстары барысында халыққа электрондық портал, мобильдік қосымшалар арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді Электрондық үкімет порталы арқылы және өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарынан алуға болатындығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, Текелі қаласының тұрғындары арасында Мемлекеттік қызметтерді алудың электрондық тәсілдерін насихаттау бойынша қадамдық нұсқаулықтар мен жадынамалар таратылды.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.