Игі істің үлкен-кішісі болмайды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің І курс студенті Шолпан Тұрсынбаева «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы қызметкерлерімен бірге қарттар мен аз қамтылған отбасыларға тегін азық-түліктер мен маскалар таратты.
Игі істің үлкен-кішісі болмайды

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев игі істермен айналысу, адамдарға жақсылық жасау баяғыдан келе жатқан дәстүріміз екенін, биылғы еріктілер жылында жастар тарапынан іске асырылатын игі істердің басты мақсаты да бірге жұмылып, халыққа қызмет ету, адамгершілік ізгі дәстүрлерімізді түлету, өрістету екенін айтқан болатын. Қазір еліміз төтенше жағдайды басынан өткеріп жатыр. Қиын кезеңде аз да болса пайдалы іс істеп, қаламыздағы мұқтаж жандарға көмектессем, бірге екендігімізді білдіріп, сенім мен күш-жігер сыйласам деген ойымды әке-шешем құп көрді, қаржылай қолдау көрсетті. Ақшаға азық-түлік сатып алдым. Игілікті іске жаны жомарт жандар да үлестерін қосуға дайын. Аты-жөнін айтқысы келмеген бір ана өзі тіккен маскаларын әкеліп берді» деді жас белсенді. Оның игі бастамасына достары да атсалыс-ты. Олар «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы қызметкерлерімен бірге азық-түліктер салынған пакеттер мен қолдан тігілген маскаларды қарт адамдар мен көмекке мұқжат жандардың отбасына апарып берді.

Жақсы істің үлкен-кішісі, арзан-қымбаты болмайды. Бәрінен маңыздысы –  адамдардың бір-біріне деген мейірімі мен ыстық ықыласы, біргеміз дейтін берік сенімі.

Қазір сабағын қашықтан оқып жүрген Шолпан игі істі мүмкіндігінше жалғастыра беретінін жеткізді.

                                                                                                                                                                      Ақан ЫРЫМЖАНҰЛЫ     

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.